Денсаулық сақтау саласындағы маманды сертификаттауды жүргізу, шетелдік мамандарды қоса алғанда, денсаулық сақтау саласындағы маман сертификатының қолданысын растау қағидаларын, сондай-ақ Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде медициналық білім алған адамды денсаулық сақтау саласындағы маманды сертификаттауға жіберу шарттарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 15 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-274/2020 бұйрығы
(2026.12.03. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Өзгерістер енгізу туралы ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2026 жылғы 3 наурыздағы № 24 бұйрығын қараңыз (2026 ж. 17 наурыздан бастап қолданысқа енгізіледі)
ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2022.15.11. № ҚР ДСМ-134 бұйрығымен (2022 ж. 24 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2025.10.11. № 140 бұйрығымен (2026 ж. 14 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) тақырыбы жаңа редакцияда
ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2023.15.03. № 38 бұйрығымен (2023 ж. 7 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2026.03.03. № 24 бұйрығымен (2026 ж. 12 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) кіріспе жаңа редакцияда
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі 27-бабының 6-тармағына және «Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2022.15.11. № ҚР ДСМ-134 бұйрығымен (2022 ж. 24 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2025.10.11. № 140 бұйрығымен (2026 ж. 14 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-тармақ жаңа редакцияда